Головкинді нокаутқа жібере алатын боксшы кім?

27 Мамыр 2020, 14:35
3700
Бөлісу:
Головкинді нокаутқа жібере алатын боксшы кім?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) нокаутқа түсіретін бірінші боксшы бола алады. BoxingScene.com порталына берген сұхбатында мексикалық боксшының промоутері Фернандо Бельтран осындай пікір білдірді деп жазады Vesti.kz.

Әрине, Мунгия Головкинмен жұдырықтаса алады. Бұл бір тамаша жекпе-жек болатынын сезіп тұрмын. Хайменің оны бірінші болып нокаутқа түсіре алатын тамаша мүмкіндігі бар. GGG-мен рингке шықcа, керемет болар еді. Мықты айқас болары сөзсіз, - дейді промоутер. 

Қаңтарда өткен кейінгі жекпе-жегінде Мунгия 11-раундта ирландиялық Гэри О'Салливанды (30-4-0, 21 KO) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы бірінші кездесуін жеңіспен бастаған еді.
Өзгелердің жаңалығы