Головкин мен "Канело" көрерменсіз төбелесуге қарсы

10 Маусым 2020, 02:32
1422
Бөлісу:
Головкин мен "Канело" көрерменсіз төбелесуге қарсы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ESPN телеарнасының журналисі Давид Файтельсон Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің айналасындағы жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Барлығы Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегін көргісі келеді, бірақ олар көрерменсіз жұдырықтасқысы келмейді. Жекпе-жекті дәл қазір өткізбеу үшін бұл ыңғайлы және сенімді сылтау, – дейді Файтельсон.

Бұған дейін Golden Boy Promotions Альварес промоутері және Matchroom Boxing президенті мен DAZN басшысы Эдди Хирн де билеттерді сатудан айтарлықтай кіріс жоғалтпау үшін трилогияны тек көрермендермен ұйымдастырғысы келетіндерін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы