Гидротехникалық инфрақұрылымның болмауы шаруашылыққа зиян келтіреді - маман

Бөлісу:
Гидротехникалық инфрақұрылымның болмауы шаруашылыққа зиян келтіреді - маман
Фото: автордан

Алматыдағы “Трансшекаралық су ресурстарын басқару" баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығында қызмет ететін әйелдердің экономикалық жағдайын жақсарту жолдары айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Орталық Азия елдерінде ауылшаруашылық жұмыстарының көп бөлігін әйелдер атақарады. Ал ер азамттардың басым көпшілігі жалдамалы жұмысшы ретінде басқа елдерге қоныс аударады. Бұл жағдай, әсіресе, Қырғызстан мен Тәжікстанда көп кездеседі.

Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы тұрақты су пайдалану саласындағы екі ірі жобаға бастамашылық жасайды. Оның бірі - Орталық Азия елдеріндегі әйелдердің ауыл шаруашылық саласында тыңбай еңбектенуі. Біз болашақта әйелдердің жұмысын жеңілдету мақсатында түрлі шаралар атқармақпыз. Шаруашылық саласына жаңа технологиялар әкелінеді, осылайша су мәселесі де шешіледі. Жобалардың жалпы сомасы 600 мың доллардан асады. Орталық Азия елдеріндегі тікелей бенефициарлар саны 22 мыңнан, ал жанама алушылар саны 200 мыңнан астам адам болады деп күтіледі, – дейді Орталық Азияның экология орталығының атқарушы директоры Зафар Махмудов.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әйелдер басқаратын фермалар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары суармалы су тапшылығына тәуелділігі төмендеп, өнімділігі артпақ.

Гидротехникалық инфрақұрылымның болмауы шаруашылыққа зиян келтіреді. Ескірген сорғылар, су жинайтын қоймалар, суландыру құдықтары, кәріздік каналдар және дәстүрлі суару әдістері тозып кеткенін байқауға болады. Қолға алған жобамыздың арқасында ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігіне нұқсан келтірмей, суарудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу арқылы су тапшылығы мәселесін шешуге болады. Екіншіден Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әйелдер басқаратын фермалар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары суармалы су тапшылығына тәуелділігі төмендеп, өнімділігі артпақ, – дейді Орталық Азиялық климаттық ақпарат платформасының (CACIP) үйлестірушісі Азамат Кауазов.

Өзгелердің жаңалығы