Германияда қылмыскер 8 адамды атып, 5 адамды жаралады

20 Ақпан 2020, 10:10
1600
Бөлісу:
Германияда қылмыскер 8 адамды атып, 5 адамды жаралады
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Ханау қаласында (Франкфурт-на-Майнеден 20 шақырым жерде орналасқан) белгісіз адам сегіз адамды өлтіріп, бес адамды ауыр жарақаттаған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Полиция сегіз адамның қаза тапқанын растап отыр. 
Полиция күдіктіні іздестіруде. Атыстың не себепті шыққаны туралы мәлімет жоқ, - деді полицияда.

344479c4a61c9b10dbde33db919217d2.jpeg

Hanauer Anzeiger газетінің ақпараты бойынша, қылмыскер кальян барына содан кейін букмекерлік конторасына барып оқ атқан.

914ad69d2a662e1f67f5cb4f7198698c.jpeg

6d756d38602649746bed883867f1270c.jpeg

Темекі шегетін залға кіру үшін қылмыскер бірінші қоңырау шалған. Ішіне енген соң, оқ жаудырған. Қаза болғандардың арасында жастар көп, ішінде бір әйел бар. Хоймаркт бойындағы дүңгіршектің жанында тағы үш адамды атып кетті. Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жараланған 5 адамның жағдайы ауыр, - деп жазады басылым.
23bc4340873f66c1428449cb6a1d8fbe.jpeg

Кейінннен белгілі болғандай, қылмыскер үйінде өлі табылған. Оның жанында тағы бір адамның денесі табылды. 


Өзгелердің жаңалығы