Германияда референдум кезінде екі сайлау учаскесі ашылады

30 Мамыр 2022, 10:48
1396
Бөлісу:
Германияда референдум кезінде екі сайлау учаскесі ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда алдағы референдумға дайындық қызу жүріп жатыр, деп жазды «Хабар 24». 

Бұл елде маусымның 5-і күні 2 сайлау учаскесі ашылады. Оның бірі Берлиндегі Қазақстан елшілігінде болса, екіншісі Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулдық. 

Германиядағы отандастарымызға консулдық бөлімінің қызметкерлері референдум өтетіні жайлы хабар таратқан. Қазірге дейін 200-ден аса азамат дауыс беретінін растаған. Ата заңымызға өзгертулер енгізу бойынша рефрендумға Германия аумағында жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар, студенттер және дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері қатысады деп күтіліп отыр. 

Референдумға дайындық жүргізген кезде біздің консулдық бөлімдер бүкіл Германияда қазіргі таңда жүрген қазақстандық азаматтарға ақпарат беріп, елшіліктің бас консулдық сайттарында, әлеуметтік желілерде, парақшаларында хабармалар жарияладық. Германияда жүрген Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие азаматтар қатыса алады. Біз ауқымды жұмыс өткіздік. Осыған байланысты қазіргі тізімде бізде екі жүзден аса  Қазақстан азаматы тіркелген. Солар енді женсенбі күні келіп, өз дауыстарын береді деп ойлаймыз, - деді №247-ші сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Шолпан Шынасылова.

Өзгелердің жаңалығы