Германияда иттер коронавирусты анықтай алады

6 Ақпан 2021, 17:31
1372
Бөлісу:
Германияда иттер коронавирусты анықтай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның әскери кинологтері иттерді коронавирусты анықтауға баулуда.

Мir24.tv хабарлауынша, жаттығулардан кейін иттер керемет нәтиже көрсеткен. Олардың вирусты сезу мүмкіндігі 94 пайыздық көрсеткішпен бағаланды. 

Вирустың өзінде иіс болмайды. Алайда ол ағзаның жасушасын зақымдағанда, ондағы зат алмасу өзгереді. Арнайы заттектер бөліне бастайды. Иттерді сол кезде шығатын ерекше иісті сезуге баулыдық, - дейді қызметтік иттер мектебінің маманы Эстер Шалке.

Әуежайдағы қызмет үшін Ресей де иттерді баулуды қолға алған. Осы мақсатта шалайка тұқымдас иттер арнайы іріктеліп алынды. Олар қорқаулар мен бұғыаяқты лайкалардың гибриді.

Өзгелердің жаңалығы