Германияда халықаралық авиациялық-ғарыш көрмесі ашылды

26 Маусым 2022, 05:45
1353
Бөлісу:
Германияда халықаралық авиациялық-ғарыш көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі қабатты ұшақ, электрсамокат мен ғарыш серіктері. Германия астанасында халықаралық авиациялық-ғарыш салоны ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия кесірінен бұл көрме бірнеше рет кейінге қалдырылған еді. Енді міне, араға 3 жыл салып келушілерге қайтадан авиация өнеркәсібіндегі жаңалықтармен танысуға мүмкіндік туды. Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден астам қатысушы келіп, өз өнімдерін көпшілікке таныстырды. Көбі әскери техника. Бірақ инновация тақырыбына арналған жобалар да жоқ емес. Қазіргі таңда әлемде энергия көздерінің қымбаттап жатқанына байланысты ұйымдастырушылар биожанармайға баса мән берген.

Біз электр қуатымен ұшатын әуе кемесінің жобасын ұсынып отырмыз. 50 жолаушыға арналған лайнер-гибрид. Оның керосинмен жұмыс істейтін 2 қозғалтқышы, 8 электрқалағы бар. Біздің ойымызша, болашақта ұшақтар осындай болады. Қазірдің өзінде авиация саласындағы ірі компаниялар осындай технологияларға қызығушылық танытып жатыр, – дейді компания өкілі Джованни Черино.

Өзгелердің жаңалығы