Германияда ер адам үйлерге кіріп, бірнеше адамды атап тастаған

29 Шілде 2023, 16:41
1587
Бөлісу:
Германияда ер адам үйлерге кіріп, бірнеше адамды атап тастаған

Германияда ер адам үйлерге баса-көктеп кіріп, бірнеше адамды атып тастады. Бұл туралы Bild газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Куәгелер Аугсбург маңындағы көпқабатты үйде атыстың даусын естіген. Солтүстік Свабия полициясының штабы қаза болғандардың 49 және 72 жастағы екі әйел мен 52 жастағы ер адам екенін хабарлады.

Ер адам Хохвогельштрасседе орналасқан ғимаратқа кіріп, 32 және 44 жастағы екі ер адамды да ауыр жарақаттады. Қазіргі таңда зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қылмыскер Бавария Республикасындағы Лангвейдеде ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы