Германия шайбалы хоккейден әлем чемпионатының финалына шықты

28 Мамыр 2023, 11:15
688
Бөлісу:
Германия шайбалы хоккейден әлем чемпионатының финалына шықты

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында Канада мен Германия құрамалары өнер көрсетеді, - деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Германия құрамасы АҚШ-ты қосымша уақытта 4:3 есебімен жеңіп, екінші жартылай финалдың жеңімпазы атанды. Кездесу Тампере қаласында (Финляндия) өтті.

Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Германия үшінші кезеңнің соңында жеңілісті айналып өтті.

АҚШ құрамасы сапында Алекс Туч (2 минут), Рокко Грималди (4) және Микаэль Эйсимонт (29) көзге түсті. Ал Германия құрамында Фредерик Тиффельс (13), Максимилиан Цубер (17) және Марсель Небельс (59) ерекшеленді. Овертаймдағы жеңіс голының авторы Германия құрамасының шабуылшысы Фредерик Тиффельс болды.

2023 жылғы әлем чемпионатының финалы 28 мамырда Астана уақытымен сағат 23:20-да өтеді. Ал 18:20-да АҚШ пен Латвия 3-орын үшін матч өткізеді.

Еске салайық, 2023 жылғы әлем чемпионатында В тобында алтыншы орын алған Қазақстан құрамасы жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Өзгелердің жаңалығы