Германия қуат көздерін үнемдеуге көшті

31 Шілде 2022, 05:45
1512
Бөлісу:
Германия қуат көздерін үнемдеуге көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия астанасында енді түнгі уақытта қаланың басты көрікті жерлері жарық шашып безендірілмейді.

Бұл тізімге 200 нысан кіреді. Олардың арасында Берлин Кафедралды шіркеуі, Шарлоттенбург, Жеңіс бағанасы бар. Шіркеулер мен көпірлерді де жарықтандыру тоқтатылады. Қала билігі энергияны тиімді пайдалану үшін осындай қадамға барды. Осылайша жылына 200 киловатт сағат үнемделеді. Бастамаға алғашқылардың бірі болып Германия президенті қолдау білдіріп, өзінің сарайына жарық түсіруді тоқтатты. Өзге аймақтар да бұл бастамаға қолдау білдірді. Биыл Германия энергиядан тапшылық көруі мүмкін. Билік тұрғындардан желдеткіш сынды электр құралдарын жиі қоспауға шақырып отыр. Үкімет энергодағдарысты еңсеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.

Аугсбург тұрғындарына алда қиын кезеңдер күтіп тұрғанын айтқым келеді. Сондықтан біз басты тарихи нысандарды жарықтандыруды тоқтататын болдық. Фонтандар да әдеттегіден аз уақыт жұмыс істейтін болады. Бұл алда бізді қиын кезеңдер күтіп тұрғанын көрсетеді. Сондықтан электр энергиясын барынша үнемдеу қажет, - деді Аугсбург қаласының мэрі Ева Вебер.

Өзгелердің жаңалығы