Германия қатаң карантин режимін енгізбек

12 Желтоқсан 2020, 20:46
1535
Бөлісу:
Германия қатаң карантин режимін енгізбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны жаңа рекорд көрсетті – елде бір күнде 30 мың жағдай тіркелді. Бұған Роберт Кох институтының мәліметтері дәлел, деп жазды ru.euronews.com. 

Германиядағы ең ірі жұқпалы ауруларды зерттеу орталығының директоры Лотар Вилер билікті адамдар арасындағы жақын байланысты азайту үшін шектеу шараларын қатаңдатуға шақырды.

Қараша айының басынан бастап Германияда ішінара карантин қолданылып келеді. Аптаның басында Рождестволық мерекелерге жалпыұлттық локдаунды енгізу туралы ұсынысты Германияның Леопольдина табиғи ғалымдар академиясы тастаған болатын. Баден Вюртемберг жері билігі Рождестводан кейін бірден қатаң карантин енгізу туралы шешімді қабылдап та қойды, - делінген ақпаратта.

Айта кету керек, пандемия басталғалы бері Германияда вирус жұқтырғандар саны 1 272 078-ге жетті. 21 мыңға жуық науқас қайтыс болды. 922 100 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы