Германия 11 қазаннан бастап коронавирус тестін тегін тапсыруды алып тастайды

11 Тамыз 2021, 22:39
3209
Бөлісу:
Германия 11 қазаннан бастап коронавирус тестін тегін тапсыруды алып тастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия 11 қазаннан бастап коронавирус тестін тегін тапсыруды алып тастайды деп хабарлайды 24.kz.

Германияда 11 қазаннан бастап вакцина салдырмаған азаматтар коронавирус тестін тегін тапсыра алмайды. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді. Бұл шешімді қабылдауға елде ковидке шалдыққан науқастар санының азаюы себеп. Тек созылмалы ауруы бар тұрғындар ғана ақы төлемейді. Билік тегін тестіні алып тастау халықты вакцина алуға итермелейді деп сенеді. Күзде Германияда коронавирус індетінің төртінші толқыны болады деген болжам бар. 

Халықты толық иммундау үшін вакцина қазір бізде жеткілікті. Сондықтан бұл істі жалғастыру керек. Алайда біз вакциналау қарқыны бойынша Еуропада әлі алдыңғы қатарда емеспіз. Елде препараттың 2 компонентін азаматтардың 55%-ы алды. Десе де «Дельта» штамы өршіп барады. Вакцина салу науқанын жандандыру қажет, - дейді Германия канцлері Ангела Меркель.

Италияда жансақтау бөліміне түсіп жатқандардың 90%-ы вакцина салдырмаған. Бұл туралы жергілікті дәрігерлер мәлімдеп отыр. Мамандар иммундау індеттің ауыр түріне шалдығудан қорғайтынын айтады. 

Италия үкіметі 1 қыркүйектен бастап «Грин Пасс» куәлігін кеңінен енгізуді жоспарлап отыр. Бұл құжат қоғамдық көлікке, университетке, спортзалдарға, кинозалдар мен театрларға кіру кезінде талап етіледі. Онда вакиналау туралы, коронавируспен ауырғандығы немесе жақында тапсырылған тест нәтижесі туралы ақпарат болады.


Өзгелердің жаңалығы