Геосаяси ахуал. Мұнай құбырындағы апаттар. Скляр министрлікке Транскаспий бағытын дамытуды тапсырды

1 Ақпан 2023, 17:15
1626
Бөлісу:
Геосаяси ахуал. Мұнай құбырындағы апаттар. Скляр министрлікке Транскаспий бағытын дамытуды тапсырды
Фото: Энергетика министрлігі

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Склярдың айтуынша,  геосаяси ахуал  мен Каспий құбыр консорциумында болған апаттар  қазақстандық мұнайды тасымалдауда  қосымша бағыттарды қарастыруды қажет етті.

Теңіз және Қашаған кен орындарында  мұнай өндірудің   болжамды өсуін ескеру қажет. Көлік-тасымал инфрақұрылымының өткізу қабілетін ұлғайту керек. Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп көмір-сутек шикізатын экспорттау дәліздерін әртараптандыру  бойынша  келісілген Жол картасының жобасын   Үкімет Аппаратына   1 ай мерзімде енгізуді тапсырамын. Негізгі акцентті   Транскаспий бағытына   яғни Әзербайжан, Грузия, Түркия,   сондай-ақ Қытай және Иран жағындағы   экспорттық бағыттарға аудару қажет, - деді Скляр Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында. 

Өзгелердің жаңалығы