Георгий Кичигин UFC-мен келіссөздер жүргізуде

17 Наурыз 2020, 02:39
921
Бөлісу:
Георгий Кичигин UFC-мен келіссөздер жүргізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Георгий Кичигин "Вестник ММА" Youtube-арнасына берген сұхбатында спорттық мансабындағы болашағы жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кичигиннің айтуынша, оның командасы қазіргі кезде UFC ұйымымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер барлығы сәтті аяқталған жағдайда Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін UFC турнирінде Кичигинді көріп қалуымыз ғажап емес. 

Георгий Кичигин соңғы үш жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегінде бразилиялық қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы