Геологиялық ақпаратты цифрландыру дамып жатыр - министрлік

4 Сәуір 2024, 15:19
329
Бөлісу:
Геологиялық ақпаратты цифрландыру дамып жатыр - министрлік
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Геологиялық ақпаратты цифрландыру аясында өткен жылы өнеркәсіптік пайдалануға «minerals.gov.kz» ақпараттық платформасы іске қосылған.

Қазіргі уақытта платформа 56 мыңнан астам геологиялық есептермен толтырылған. Бұл ретте комитет бастапқы геологиялық деректермен, яғни далалық журналдардың, ұңғымалардың рапорты, геофизикалық деректермен және басқа да далалық ақпараттарды толтыру жұмысын қолға алды, - деді Ерлан Ақбаров.

Сонымен қатар, биыл геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы 12 мемлекеттік қызметті цифрландыру жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы