Гендерлік зорлыққа қарсы күрес: Астанада жаңа ұсыныстар қаралды

Қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді тәсілдерді талқылады.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
99
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жобаларды іске асыру мәселелері бойынша фокус-топ отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева бұл бағыт мемлекеттік отбасы саясатының басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Кездесуде гендерлік сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі Ұлттық комиссияның тұрақты бақылауында екені айтылды. Сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалар мен өзекті түйткілдер талқыланып, қабылданып жатқан шараларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді тәсілдерді талқылады. Фокус-топ қорытындысында осы саладағы жұмысты жетілдіруге және қолданыстағы тетіктердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар ұсынылды.

Наверх