Израиль армиясының Газа секторына соңғы тәулікте жасаған шабуылдарынан бес палестиналық қаза тауып, тағы 18 адам жараланды. Бұл туралы Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы қазанда атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдарынан 1 493 палестиналық қаза тауып, 5 299 адам жараланған. Осы кезеңде үйінділер астынан 836 адамның денесі шығарылған.
2023 жылғы қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 74 382-ге жетті. Жараланғандар саны – 175 416.
Палестина тарапының мәліметінше, Газа секторында әлі де мыңдаған адамның денесі үйінділер астында жатыр.
Бұған дейін Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асқанын хабарлаған болатынбыз.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстан Газа секторын қалпына келтіруге белсенді қатысуға дайын – Тоқаев
БҰҰ: Газаны қалпына келтіру мен қайта жаңғыртуға $71,5 млрд қажет
Нетаньяху мен Бейбітшілік кеңесі Газа бойынша екі жұмыс тобын құрады