Ғалымжан Қойшыбаев вице-премьер - Үкімет Аппаратының Басшысы болып тағайындалды

3 Қыркүйек 2026, 09:55
АВТОР
 gov.kz 3 Қыркүйек 2026, 09:55
3 Қыркүйек 2026, 09:55
150
Фото: gov.kz

Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.

2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы болып тағайындалды.

Наверх