Ғалымдар зерттеуі: Ыстық шай мен кофе өңеш рагының қаупін арттыруы мүмкін

12 Қазан 2026, 15:48
АВТОР
 stat.gov.kz 12 Қазан 2026, 15:48
12 Қазан 2026, 15:48
120
Фото: stat.gov.kz

Оксфорд университетінің ғалымдары ыстық сусындардың температурасы мен өңеш рагының даму қаупі арасындағы байланысты зерттеді. Зерттеу барысында 1 миллионға жуық адамның мәліметтері талданды.

Зерттеу нәтижелері сусынның ішілген мөлшері ғана емес, оның температурасы да маңызды екенін көрсетті:

  • Өте ыстық сусындарды ұнататындарда өңештің жалпақ жасушалы рагының даму қаупі жылы сусындарды жөн көретіндерге қарағанда 3 еседен астам жоғары болған.

  • Күніне алты немесе одан да көп шыныаяқ ыстық сусын ішу бұл рак түрінің пайда болу қаупін 71%-ға арттырған.

  • Зерттеушілер шай мен кофе арасында айтарлықтай айырмашылықты таппады. Олардың болжамынша, басты фактор – өңештің шырышты қабығын зақымдауы мүмкін сұйықтықтың жоғары температурасы.

Ықтимал қауіпті қалай азайтуға болады?

Шайдан немесе кофеден бас тартудың қажеті жоқ. Қауіпті азайту үшін сусынның сәл суығанын күту және өте ыстық күйінде ішпеу жеткілікті.

Кейде денсаулықты күту үшін бір қарапайым әдетті өзгерту жеткілікті. Бастысы сусынды дайындалған бойда ыстықтай ішпеңіз.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілгені хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстан бидайы және Кения кофесі: Екі ел арасындағы сауда айналымы қалай өзгереді?

Қостанайдағы "қымбат" кофе: Тұтынушы жәндігі бар сусын үшін 100 мың теңге "алды"

Қазақстандықтар шай ішуді азайтты

Наверх