Ғалымдар планетамыздан қауіпті жаңа озон тесігін тапты

10 Шілде 2022, 10:10
2164
Бөлісу:
Ғалымдар планетамыздан қауіпті жаңа озон тесігін тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канадалық ғалымдар Жер атмосферасында Антарктидадағыдан жеті есе үлкен озон тесігін тапты. 

Бұл туралы Mirror жазды.

Сонымен бірге, Жердің озон қабатында анықталған тесік тропиктік аймақта орналасқан, бұл планетаның экожүйесіне өте жағымсыз әсер ететіні белгілі.

Озон қабатының тесілуі ультракүлгін сәулелену деңгейінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл адамдарда тері қатерлі ісігі мен катаракта қаупін арттырады, адамның иммунитетін әлсіретеді және ауыл шаруашылығы өнімділігін төмендетеді. Ол сезімтал су организмдері мен экожүйелеріне кері әсерін тигізеді, - дейді зерттеу авторларының бірі, Ватерлоо университетінің профессоры Цин-Бин Лу.

Озон тесігі алғаш рет 1985 жылы Антарктиданың үстінде байқалды, содан кейін Австралияға қарай жылжыды, ал 1992 жылы Арктиканың үстінде анықталды.

Ең сорақысы, осыдан 20 жыл бұрын Солтүстік полюс үстіндегі озон қабатындағы тесігінің көлемі рекордтық көрсеткішке – 26 млн. шаршы км-ге жеткені анықталды. Оны Африка континентінің аумағына теңестіруге болады. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаны қорғауға көбірек көңіл бөлудің қазіргі таңда аса маңызды екенін көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы