Ғалымдар коронавирусты кім көп тасымалдайтынын айтты

5 Қараша 2020, 12:27
1949
Бөлісу:
Ғалымдар коронавирусты кім көп тасымалдайтынын айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша есеп және карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысына арналған брифингте айтты. 

Ғылыми зерттеу масканың тиімділігін растады. Медициналық маскаларды тағу коронавирусты тарату ықтималдығын төмендетеді. Мұндай зерттеуді Гонконг пен АҚШ университеттерінің ғылыми қызметкерлері ДДСҰ сарапшыларының қатысуымен жүзеге асырды. Зерттеу қорытындылары ғылыми басылымдарда жарық көрді, - деді ол.  

Пралиева америкалық ғалымдар коронавирусты не тарататынын анықтағанын айтты.

Принстон университетінің мамандары коронавирустың таралуы бойынша математикалық модельді әзірледі. Ол арқылы мамандар пандемия адам көп шоғырланған жерге баратын тасымалдаушылардан тез таралатынын айтты. Індеттің алдын алу үшін жоғары қорғанышы бар масканы тағудың қажеті жоқ. Толық жабық маскалар инфекционист дәрігерлерге қажет. Медицина саласына қатысы жоқ адамдарға қарапайым маскалар да жарайды, - деді ол.  

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері шетелдік елдердің көбі жағдайдың ушығуына байланысты локдаун жариялап жатқанын айтты.  

Біз қала мен республикада тұрақты жағдайды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан тұрғындарды барлық санитарлық талапты ұстануға шақырамыз, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы