Гаити президентін өлтіргендер жазасыз қалуы мүмкін

6 Тамыз 2021, 11:32
2952
Бөлісу:
Гаити президентін өлтіргендер жазасыз қалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаити азаматтарын қорғау басқармасы БҰҰ ел президенті Жовенель Моизды өлтіргендер жазасыз қалуы мүмкін екендігін ескертті. Бұл іс те Гаити астанасы Порт-о-Пренстегі көптеген атышулы қылмыстар секілді аяқсыз қалуы ықтимал деп жазды РИА Новости.

Құқық қорғау ұйымы қылмыс жасағандар қалада емін-еркін қыдырып жүргенін, қайтыс болғандардың отбасы туралы ұмытып кеткендерін айтып дабыл қағуда.

Соңғы 25 жыл ішінде азаматтарымыздың қылмыскерлердің қолынан қайтыс болуы негізінен ел астанасы орналасқан аймақта көп орын алып отыр. Бірде-бір қылмыстық процеске айыптау үкімі шығарылмаған, - делінген БҰҰ жергілікті өкілдігіне жолданған басқарманың хатында.

Олар сот жүйесінің жемқорлық пен жазасыздыққа негізделгенін дейді. Гаитидің сот жүйесі әділетсіз екендігі де айтылған. 1990 жылдан қазіргі күнге дейін 40-тан астам қылмыстық іс жазасыз қалған.

Атышулы қылмыс құрбандарының арасында Radio Galaxy-дың директоры Феликс Лами, Radio Haiti Inter басшысы Жан Леопольд Доминик, сондай-ақ журналистер мен саясаткерлер бар. Порт-о-Пренс адвокаттар алқасының президенті Монферье Дорваль былтыр тамыр айында резиденциясының кіреберісінде өлтірілген.

Президенттің жесірі Мартин Этьен Моиз өлтірілген соң берген өзінің алғашқы сұхбатында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұраған болатын.

Өзгелердің жаңалығы