Гаити билігі ел президентін өлтіріп кеткеннен кейін АҚШ пен БҰҰ-дан елге әскер кіргізуді сұрап отыр

11 Шілде 2021, 12:13
5550
Бөлісу:
Гаити билігі ел президентін өлтіріп кеткеннен кейін АҚШ пен БҰҰ-дан елге әскер кіргізуді сұрап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда бұл ұсыныстан Вашингтон бас тартқан, БҰҰ жауап бермеді деп жазады Tjournal.ru.

Гаити үкіметі ел президенті Жовенель Моизді өлтіріп кеткеннен кейін негізгі инфрақұрылымысандарын қорғау үшін мемлекеттеріне әскердің шектеулі контингентін жіберуді сұрап отыр.
Біз елдің аса маңызды нысандары – порт, әуежай мен энергетикалық инфрақұрылымы шабуыл жасаудың нысанына айналуы мүмкін жағдайда қалдық, - деді Гаитидің Дауыс беру және партияаралық қатынастар істері бойынша министрі Матиас Пьер.

Олар нысандарын қорғау үшін мемлекеттеріне әскердің шектеулі контингентін жіберуді сұрап отыр.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ Гаитиге қандай көмек көрсету қажеттігін анықтау үшін ФБР-дің жоғары шенді қызметкерлерін жіберетіндіктерін айтқан болатын. Вашингтонның Гаитиге әскер жіберетін ойлары жоқ. БҰҰ ел билігінің сұранысын жауапсыз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сотта күдіктілер Гаити мемлекетінің президенті Жовенель Моизді неліктен өлтірген себептерін айтқандарын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы