G20. Путин халықаралық санкциялардан бас тартуды ұсынды

27 Наурыз 2020, 13:20
1561
Бөлісу:
G20. Путин халықаралық санкциялардан бас тартуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ G20 елдері басшылары видео-конференция форматында коронавирус індетімен күреске арналған кездесу өткізді.

Онлайн-басқосуда Ресей президенті Владимир Путин дәрі-дәрмектерді, азық-түлікті, т.б. да қажетті жабдықтарды және технологияны өзара тасымалдау үшін халықаралық санкциялардан бас тартуды ұсынды.

 

Ең дұрысы, біз ең қажетті деген тауарларға қатысты шектеулерге бірлескен мораторий енгізуіміз керек. Сондай-ақ, оларды сатып алу үшін қаржылық операциялар жасауымыз қажет, - деді Путин.

 

2014 жылдан бастап Ресейге контрсанкциялар енгізілген. Бұл Ресейдің Қырымды аннексиялауына және Донбастағы қарулы қақтығысқа байланысты бұрын санкциялар салған елдерден, атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін жеткізуге тыйым салуды қарастырады.

Путин сонымен бірге дағдарысты тиімді шешу үшін халықаралық институттарды қайта құруға шақырды. Алайда, ол нақты идеялар туралы айтқан жоқ.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин мен Франция президенті Эммануэль Макронның екіжақты әңгімесі барысында санкцияларды алып тастау тақырыбы көтерілген жоқ.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба бұған дейін Ресей індетті сылтауратып, ЕО елдерін "гуманитарлық себептермен" санкцияларды әлсіретуге немесе алып тастауға итермелеуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы