Футбол жұлдызы Неймар түрмеге қамалуы мүмкін

28 Шілде 2022, 20:29
4998
Бөлісу:
Футбол жұлдызы Неймар түрмеге қамалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПСЖ-ның бразилиялық шабуылшысы Неймар сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, сотқа шақырылды.

Бұл туралы El Pais хабарлайды. 

Сот 17 қазанда Барселонада (Испанияда) өтеді.

Басылым мәліметінше, Неймар мен тағы бес адамға "Барселонамен" болған келісімшарт кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Сондай-ақ, Неймардың ата-анасы мен каталондық клубтың бұрынғы президенттері Сандро Росел мен Хосеп Мария Бартомеуге қатысты да сот ісі басталды.

Істің бастамашысы бразилиялық DIS компаниясы. Неймар "Сантос" командасының ойыншысы болып жүргенде, осы компанияның 40 пайызына ие болған. Компания футболшы мен оның туыстары оны алдау үшін арнайы әдіс ойлап тапты деп есептеп, 150 миллион еуродан аса өтемақы талап етіп отыр.

Прокуратура Неймарды екі жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, DIS бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы