Францияда жұмысшылар ереуілге шықты

9 Қазан 2022, 06:26
1460
Бөлісу:
Францияда жұмысшылар ереуілге шықты

Францияда TotalEnergies қызметкерлерінің ереуілге шығуы салдарынан жанармай жеткізуде қиындықтар туындады. Көптеген стансаларда жанармай жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Әсіресе елдің солтүстігіндегі автокөлік жүргізушілері қатты зардап шекті.

Жұмыс істейтін жанармай құю стансаларын іздеген көліктерден ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Жергілікті биліктің мәліметінше Франциядағы жанармай құю бекеттерінің 15 пайызында ғана шектеулі мөлшерде жанармай бар.

Бірқатар басқармада басым мамандықтардың автокөлік иелеріне, атап айтқанда, дәрігерлерге арналған жанармай құю бекеттері құрылған.
Жоғары инфляцияға байланысты TotalEnergies қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы