Францияда мигранттар заңның қатаңдатылуына қарсы шықты

28 Тамыз 2023, 00:36
941
Бөлісу:
Францияда мигранттар заңның қатаңдатылуына қарсы шықты
Фото: архив

Францияда мигранттар ереуіл ұйымдастырды. Олар көші-қон заңының қатаңдатылуына қарсы, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тиісті заң жобасының талқыланып келе жатқанына бірнеше ай болды. Мұндағы мақсат – босқындар санын азайту. Бүгінде Францияда 7 миллион шетелдік тұрады екен. Бұл жергілікті халықтың 10 проценті. Оларды жайғастырып, бағып күтуге кететін шығын түсетін пайдадан әлдеқайда көп. 54 миллиард еуро шамасында. Сол себепті енді сырттан келгендер үшін талап қатаңдатылуы мүмкін. Билік оларды француз тілінен емтихан тапсыруға міндеттеуді көздеп отыр. Сондай-ақ елден депортациялау жағын жеңілдетуге ниетті. Бірақ мұнымен мигранттар да, құқық қорғаушылар да келіспей отыр.

Кейінгі 33 жылда осымен отызыншы заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл Францияға енді келгендердің ғана емес, бұрыннан осында тұрып жатқандардың да өмірін қиындатады. Билік экономика үшін тиімді кәсіп бойынша заңсыз мигранттарға жұмыс істеуге мүмкіндік береміз дейді. Алайда шындығында олай болмай қалуы мүмкін, - дейді құқық қорғаушы Мохамед Асаид.

Өзгелердің жаңалығы