Францияда маймыл шешегін жұқтыру артты

11 Тамыз 2022, 21:24
1403
Бөлісу:
Францияда маймыл шешегін жұқтыру артты

Францияда маймыл шешегі ауруын жұқтырғандардың саны 2 мың 600-ден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы бір аптаның ішінде бұл диагноз 362 адамға қойылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың 99 проценті ер адам. 

Аймақта ауруды жұқтыру қаупі жоғары тұрғындарға вакцина егілуде. Десе де, маймыл шешегінің бәсеңдейтін түрі жоқ. 

Бұдан бөлек Францияда КОВИД індеті де ушығып барады. 

Соңғы бір тәулікте 812 тұрғын ауруханаға түскен. 87 науқас дертінен айыға алмай көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы