Францияның Конституциялық кеңесі 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатын заңды мақұлдамады.
Reuters-тің хабарлауынша, кеңес бұл шектеу кәмелетке толмағандардың сөз бостандығы мен коммуникация құқығына шамадан тыс әсер етеді деп шешті. Сонымен қатар құжатта пайдаланушылардың жасын тексеру кезінде жеке өмірге қажетті құқықтық кепілдіктер жеткілікті деңгейде қарастырылмаған.
Заңды Франция парламенті шілдеде қабылдаған еді. Ол 1 қыркүйектен бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерде жаңа аккаунт ашуға тыйым салуды, ал қолданыстағы аккаунттарды төрт ай ішінде жабуды көздеген. Платформалардан пайдаланушылардың жасын тексеру жүйесін енгізу де талап етілген.
Президент Эммануэль Макрон бұл шешімнен кейін бастамадан бас тартпайтынын мәлімдеп, премьер-министр Себастьен Лекорнюға Конституция мен Еуропа заңнамасына сәйкес жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырды.
Бастаманың негізгі мақсаты – балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контент пен онлайн қауіптерден қорғау. Франция билігі жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалануына байланысты қауіптерге алаңдап отыр.
Осылайша, 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салу әзірге Францияда күшіне енбейді.