Франция Аблязовты Қазақстанға қайтара ма?

18 Қаңтар 2023, 11:06
889
Бөлісу:
Франция Аблязовты Қазақстанға қайтара ма?

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Аблязовқа қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Мұхтар Аблязовты қайтарудың жолдары жайлы айтты. 

Тергеу жұмыстарымен таныс емеспін. Оны нақты білмеймін. Қазіргі таңда Аблязовқа қатысты Қазақстанда екі қылмыстық іс қозғалған. Олар бойынша шешім бар. Франция бізге Аблязовты бермесе де, өз жерінде Мұхтар Аблязовқа қатысты іс қозғады. Ол қылмыстық іс бойынша Аблязовтың адвокаттары шешімді апелляцияға берді. Апелляция бір ғана мәселе бойынша олардың сұрақтарын қанағаттандырды. Бұл шешімді қазір Париждің прокуроры наразылық берді. Ол қазір сотта қаралып жатыр, - деп айтты прокурордың орынбасары Мәжілістің кулуарында. 

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы