Францияда тікұшақ құлады

9 Желтоқсан 2020, 06:45
1100
Бөлісу:
Францияда тікұшақ құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның Альпі тауында 6 адамды алып бара жатқан тікұшақ құлады, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиғаның 1800 метр биіктікте болғандығы атап өтілді.

Францияның аэронавигациялық қызметінің тікұшағы шамамен 19:00-де құлады. Бортта төрт әскери қызметші мен екі құтқарушы болған, - деді департамент өкілі.

Ұшқыш апат туралы дабыл беріп, шұғыл жағдайға арналған басқыш арқылы тікұшақтан секіріп үлгерген. Қалған адамдар қаза тапқан.

Оларды іздестіруге үш тікұшақ пен 40-тан астам құтқарушы жұмылдырылған.


Өзгелердің жаңалығы