Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған

5 Шілде 2024, 15:17
1729
Бөлісу:
Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
PHOTO
Фото: автордан

Мегаполисте 4 мың 800 мопед жүргізушісі және 5 мың 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Айыппұл тұрағы Алатау ауданында орналасқан. Байқағанымыздай бұл айыптұрақта самокаттар мен мопед, жеңіл көліктер, жүк көлігі, автобустар қойылған. 

Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған

Самсаған көліктерден қалада жол-көлік апатының, құқық бұзушылық әркеттері жиі орын алатынын байқауға болады.

Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған

Полиция полковнигі Серік Шумаевтың айтуынша, жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы болып, 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты.

Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған

- Мәселен, өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның басым бөлігін электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар жасаған. Жалпы, самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері 4 мың 800 мопед жүргізушісі және 5 мың 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың екі доңғалақты көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады. 100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді, - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған

Спикердің айтуынша, кең ауқымды рейдтер нәтижесінде 1 мыңнан аса мопед, сондай-ақ 3 мың 625 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.

Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған

Ішкі істер Министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар әлі болып жатыр. Статистика негізді алаңдаушылықты тудырады. Самокат пайдаланушылары - жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі болып табылады. Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген, - деді, полковник Шумаев.

Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
Фоторепортаж: Алматыда мыңнан астам мопед айыппұл тұрағына қойылған
Өзгелердің жаңалығы