FlyArystan жуық арада әуе билеттерін сатуды бастайды

18 Наурыз 2019, 10:53
2359
Бөлісу:
FlyArystan жуық арада әуе билеттерін сатуды бастайды

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 29 ​​наурызынан бастап, әуе компаниясының коммерциялық рейстеріне билеттер сатылымы басталады деп жоспарланып отыр.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп, «FlyArystan» бюджеттік әуе компаниясын іске қосу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. 

Қазақстанның FlyArystan авиакомпаниясы 2019 жылдың мамырынан бастап, коммерциялық рейстерді орындайды деп күтілуде. Әуе компаниясы Алматыдан Астана, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Тараз қалаларына күнделікті ұшатын болады. Жоспарға сәйкес, бастапқы кезеңде компанияның әуе флоты «Эйр Астана» әуекомпаниясының 180 орындық эконом-сыныпты Airbus A320 ұшақтарынан құралмақ. 2022 жылдың соңына қарай лайнерлердің саны 15-ке жетеді.

Лоукост тасымалдағыштардың дәстүрлі авиакомпаниялардың бизнес-моделінен басты айырмашылығы - шығындарды барынша азайту болып табылады. Әуе билеттерінің құнын арзан бағамен сату бірнеше фактор арқылы қол жеткізіледі:

- әуе кемелерінің жоғары сыйымдылығы;
- интернет арқылы билеттерді сатып алу;
- әуе компаниясының жол жүк бағасын белгілеу құқығы;
- туристік агенттіктерге комиссиялардың берілмеуі;
- қосылыс рейстерінің болмауы;
- кемедегі бірыңғай (экономиялық) орындықтар;
- әуе кемесінің минималды экипажы;
- әуе кемелеріне жердегі қысқа мерзімде қызмет көрсету;
- барлық қосымша қызметтерді (багаж, борттағы тамақ немесе кабинадағы орынды таңдау және т.б.) ақылы ету;
- жаңа әуе кемесінен тұратын ұшақ паркі, олардың барынша бірдей болуы;
- электрондық билетпен ғана қамтамасыз ету.

Өзгелердің жаңалығы