«Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады

2 Маусым 2022, 14:11
1211
Бөлісу:
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген «Фитохимия» ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. 

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды.

Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді, - деп жазды министр.

Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр. 

Сонымен қатар Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы