Финляндияда екі тікұшақ соқтығысты

18 Мамыр 2025, 09:14
255
Бөлісу:
 rus.err.ee
Фото: rus.err.ee

Финляндияда екі азаматтық Robinson-44 тікұшағы бір-бірімен соқтығысып, жерге құлады. Бұл туралы Yle басылымына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлады.

Оқиға Эура аэродромы маңында болған. Екі тікұшақ та орманды аумақтан табылған, олар бір-бірінен небәрі 100 метр қашықтықта құлаған.

Эстониялық Postimees газетінің мәліметінше, әр тікұшақта үш адамнан болған. Жолаушылар қатарында – эстониялық кәсіпкерлер Олег Синаялг пен Прийт Яагант бар.

Бір тікұшақта Mapri Ehitus компаниясының басқарма мүшесі Прийт Яагант әйелімен бірге болған, ал екінші тікұшақта жел турбиналары бизнесімен айналысатын Олег Синаялг отырған, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта олардың тағдыры белгісіз.

Тікұшақтардың біреуі Австрияда, екіншісі Эстонияда тіркелгені де хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы