Фейк ақпарат тарату кімге тиімді және оның себебі қандай?

5 Маусым 2022, 17:55
2452
Бөлісу:
Фейк ақпарат тарату кімге тиімді және оның себебі қандай?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы журналист Айдос Жұқанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонда айтты. 

Фейк ақпаратты ажырату - қиынның қиыны. Интернет дамығалы әлеуметтік желілер пайда болды. Авторы жоқ бір ақпаратты топтарға жібере салады. Осылайша, ол бүкіл Қазақстанға тарап кетеді. Кейде менің сыныптастарымның тобына келеді. Олар бұл шын ба, өтірік пе екенін білмей жатады. Оларды дәстүрлі БАҚ пен ресми арналардың ғана ақпаратына сенуге шақырамын, - деді ол. 

Жұқанұлы атағандай, оппозициялық ой мен пікірдегі арналарды да оқу керек. Барлығын салыстырып ақиқатты ажырату керек. 

Ақиқат түбінде жарып шығады. Оны сана мен білім ажыратып шығуы керек, - деді ол. 

Өз кезегінде медиа сарапшы Молдияр Ергебеков фейк таратудың үш себебін айтты. 

Фейк ақпарат тарату кімге тиімді және оның себебі қандай?

Біріншісі – экономика, екіншісі - саяси, үшінші себеп - идеологиялық. Экономикалыққа фейк тарату кезінде жұртшылық тез арада назар аударып, арнаға жарнама алуға ие болады. Өкінішке қарай, жарнама арқылы пайда табуды көздейді. Идеологиялық тұрғыда алатын болсақ, қарсыласына қатысты идеологияны жоққа шығаратын жалған ақпарат тауып таратасыз. Саяси себеп те идеологиялыққа ұқсас болып келеді. Саяси шараны болдырмай қою үшін ұмтылуды білдіреді. Қоғамдағы азаматтар ең көп тараған ақпаратқа күдікпен қарауы тиіс. Ақпараттың шынайы, шынайы емес екенін білмей тұрып, оны таратуға болмайды. Осылайша, фейк ақпарат көпшілікке таралып кетуі мүмкін, - деді Ергебеков. 

Айта кетейік,Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум болып жатыр. Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Референдумға арналған телемарафон сағат түнгі 01:00-ге дейін өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы