Федерация кубогының алғашқы матчында Зарина Дияс жеңіліп қалды

8 Ақпан 2020, 02:26
1398
Бөлісу:
Федерация кубогының алғашқы матчында Зарина Дияс жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияның Кортрейк қаласында үлкен теннистен Федерация кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Бельгия матчы өтуде. Бұл туралы sports.kz сайтында хабарланды.

 Бельгияның Кортрейк қаласында Федерация кубогының алғашқы матчында жергілікті теннисші Элис Мертенс пен Қазақстан өкілі Зарина Дияс кездесті.

 Дияс Мертенске үш сетте ұтылды - 6: 1, 2: 6, 1: 6.

 Жалпы бәсеке 1 сағат 43 минутқа созылды.

 Бүгін Федерация кубогы аясында Исалин Бонавентурс (Бельгия) мен Юлия Путинцева (Қазақстан) кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы