Фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алған: 3 жасар бала антидепрессанттармен уланып қалды

7 Сәуір 2022, 09:40
2030
Бөлісу:
Фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алған: 3 жасар бала антидепрессанттармен уланып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алған. Салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттармен уланып қалды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

 Полицияға кішкентай баланың улану фактісі бойынша қоңырау келіп түсті. 

 Анықталғандай, қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 3 жасар балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезініп, құса бастаған. Павлодар қаласының тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға “антидепрессанттармен улану” диагнозымен жатқызылған. Белгілі болғандай, фармацевт қателесіп, дәріні қала тұрғынына қателікпен сатқан, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

 Аталған факті бойынша ҚК 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы