Exit poll: Конституцияға түзетулер енгізуді қолдағандар саны – 74,8%

6 Маусым 2022, 00:08
1660
Бөлісу:
Exit poll: Конституцияға түзетулер енгізуді қолдағандар саны – 74,8%

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республика бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының 31 арна тапсырысы бойынша жүргізген Exit poll қорытындысы жарияланды. 

Конституцияға түзетулер енгізуді қолдағандар саны – 74,8%.
Қарсы болғандар саны – 25,2%.
Дауыс беруге қатысқандар саны шамамен 70,1%.
Айта кетейік, 5 маусымда елімізде жалпыұлттық референдум өтті.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы мамырдың 5 күні «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

Бір ай ішінде халыққа референдум арқылы Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

5 маусым күні елімізде жалпы саны 10 мыңнан аса референдум учаскесі жұмыс істеді. Олардың жұмысы таңғы 7-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасты.

Референдум күні Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барып, республикалық референдумда дауыс берді. Сонымен қатар Президент дауыс беру учаскесінде журналистердің сауалдарына жауап берді.

Референдум күні Qazaqstan телеарнасы тікелей телемарафон өткізді. Түрлі қоғам өкілдерін топтастырған онлайн телемарафонда сағат сайын сарапшылар «Экономика және саясат», «Телеарна және интернет», «Жаһандану және оқшаулану» сияқты маңызды тақырыптарды талқыға салды.

Өзгелердің жаңалығы