Exit poll-дың деректері ресми мәліметтердің нақты әрі шынайы екенін дәлелдеп отыр – депутат

6 Маусым 2022, 00:27
1384
Бөлісу:
Exit poll-дың деректері ресми мәліметтердің нақты әрі шынайы екенін дәлелдеп отыр – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ғылыми зерттеу институттары референдумға қатысты Exit poll нәтижелерін жариялаған болатын. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин пікір айтты.

Exit poll-ды көптеген адам ресми мәліметтермен шатастырып жатады. Exit poll ол екі түрлі функцияны, яғни ақпараттық және бақылау қызметтерін атқарады. Ең алғаш рет Exit poll өткен ғасырдың шамамен 60-жылдары АҚШ-та Кентуки губернаторын сайлаған кезде әлеуметтік мәселелермен айналысатын ғалымдар пайдаланған. Соан бері көптеген сайлауда осы Exit poll пайдаланылады, - деп айтты депутат.

Оның айтуынша қарағанда, бұл жүйенің мақсаты - ресми мәліметтердің өзгеріп кетпеуіне әсер етпеуін бақылау.

Сондықтан бүгінгі Exit poll мәліметтердің ресми мәліметтерден айырмашылығы 1-2,5 пайызға ғана. Яғни ресми мәлімет пен Exit poll-дың арасында көп айырмашылық жоқ. Демек Exit poll-дың деректері ресми мәліметтердің нақты әрі шынайы екенін дәлелдеп отыр. Зерттеу институттарының жүргізген сауалнамалары осыны дәлелдеп отыр, - деп түсіндірді Еділ Жаңбыршин онлайн марафонда.

Өзгелердің жаңалығы