Exit poll: Демократия институты - 79,4%

6 Маусым 2022, 00:17
1666
Бөлісу:
Exit poll: Демократия институты - 79,4%

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демократия институты: 79,4% референдумға қатысушы ел Конституциясына Президенттік түзетулер пакетін қолдады.

 Бүгін өткен референдум аясында КТК телеарнасы «Демократия институты» ҒЗҚ өз бастамасымен өткізген exit poll – сайлау учаскелерінен шығу кезіндегі сауалнамаға ақпараттық қолдау көрсетті. Институт интервьюерлері дауыс беру күні 15000 адамнан сұхбат алды.

 Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы, барлық облыс орталықтарындағы, ірі және шағын қалалардағы, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі 375 сайлау учаскесінде жүргізілді. Іріктеме қателігі ±2,7%.

Өзгелердің жаңалығы