Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

11 Маусым 2023, 20:16
676
Бөлісу:
Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті. Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісінде.

Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шықты.

Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.

Өзгелердің жаңалығы