Еуропалық одақ ресейліктерге виза беруді шектеуі мүмкін

1 Қыркүйек 2022, 04:51
972
Бөлісу:
Еуропалық одақ ресейліктерге виза беруді шектеуі мүмкін

Еуропалық одақ Украинадағы ахуалға байланысты Ресей азаматтарына туристік виза беруді қатаңдатуды қарастырып жатыр. Бірақ ұйымға мүше елдер әлі ортақ шешімге келген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Еуропалық одақ Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты ресейліктерге виза беруді шектеуі мүмкін. Чехия астанасында ортақ аймақ Сыртқы істер министрліктері бас қосып, осы мәселені талқылады. Кездесуде 2006 жылғы Ресей азаматтарына жеңілдетілген жолмен виза беру туралы келісімшартты қайта қарастырды. Шығыс Еуропа, Балтық теңізі аймағы және Скандинавия елдері ресейліктерге туристік виза беруді тоқтатуды ұсынып отыр. Ал Франция мен Германия құжат алуды тек қатаңдату қажет дейді.

Әскери қимылдар жүріп жатқанда ресейліктерге туристік виза беруді жалғастыру моральдық тұрғыдан қате. Шынымды айтсам, мен кейбіреулердің бұл арқылы біз ресейліктердің көзқарасын өзгерту үшін күресіп жатырмыз дегенімен келіспеймін. Соңғы 30 жылда миллиондаған ресейлік Еуропаға келіп кеткен. Бірақ бұл олардың өзгеруіне ықпал ете қойған жоқ, – деді Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс.

Өзгелердің жаңалығы