«Еуропадағы сияқты»: Кептелісте жедел жәрдемді өткізіп жіберген жүргізушілер көпшілікті тәнті етті

25 Маусым 2021, 21:23
3927
Бөлісу:
«Еуропадағы сияқты»: Кептелісте жедел жәрдемді өткізіп жіберген жүргізушілер көпшілікті тәнті етті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте алматылық жүргізушілердің жедел жәрдем көлігін кептелісте жол беріп, өткізіп жіберген видео пайда болды. Желі қолданушылар жүргізушілерге риза болып, ықыластырын білдіріп жатыр.

Қаланың ірі жолайрықтарының бірінде жүргізушілер кептелісте жолдың жиегіне тұрып, жедел жәрдем көлігін өткізіп жіберді. Жедел жәрдем болса, кептелісте тұрмай, еш қиындықсыз өтіп, пациентті дер кезінде ауруханаға жеткізді.

Біз Еуропадағыдай жедел жәрдемді кедергісіз өткізіп жібердік, бұл дегеніміз адамгершіліктің белгісі, - делінген видеода.

Желі қолданушылары да жүргізушілерге риза болып, үлгі аларлық әрекет екенін жарыса жазуда.


Өзгелердің жаңалығы