Еуропада газ бағасы күрт төмендеді

Сауда барысында газ бағасы 695,2 АҚШ долларынан (–7,1%) 670 АҚШ долларына (–10,4%) дейін құлдырады.

 pixabay 28 Шілде 2026, 04:46
28 Шілде 2026, 04:46
155
Фото: pixabay

Еуропада табиғи газ бағасының төмендеуі жеделдей түсті. Мың текше метр газдың құны 670 АҚШ долларына дейін арзандады.

Нидерландтағы Еуропадағы ең ірі TTF газ хабындағы тамыз айына арналған (ең жақын мерзімді) фьючерстер сауда-саттықты 1 мың текше метріне 697,6 АҚШ доллары деңгейінде ашты. Бұл алдыңғы сауда күнінің есептік бағасымен салыстырғанда 6,7 пайызға төмен.

Сауда барысында газ бағасы 695,2 АҚШ долларынан (–7,1%) 670 АҚШ долларына (–10,4%) дейін құлдырады.

Баға динамикасы алдыңғы сауда күніндегі 748 АҚШ доллары көлеміндегі есептік бағамен салыстырылып көрсетілген.

г

Наверх