Франция президенті Сеута анклав қаласындағы миграциялық дағдарысқа байланысты Испаниямен шекараға әскери бөлімдер, ұшақтар мен дрондар орналастырылғанын хабарлады. Бұл туралы Эммануэль Макрон X әлеуметтік желісінде жазды.
Жедел әрекет ету күштерінің төрт бөлімшесі, ұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары орналастырылды, – деп жазды Макрон.
Ол сондай-ақ Испания премьер-министрі Педро Санческе хабарласып, Мадридке қолдау білдіргенін және кез келген қажетті көмекті ұсынғанын мәлімдеді.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, соңғы күндері Мароккодан Сеутаға әртүрлі есеп бойынша 40 мыңнан 60 мыңға дейін заңсыз мигрант кірген. Соның салдарынан жергілікті инфрақұрылым толықтай істен шыққан.
Мигранттар ағынының себебі: жағдай Испания Жоғарғы сотының Сеута анклавына жүзіп жеткен мигранттарды Мароккоға автоматты түрде кері қайтаруға тыйым салған шешімінен кейін ушыққан.
Франция шекаралық бақылауды күшейтсе, Италия, Финляндия және Дания босқындар ағынын тоқтату үшін Испанияны Шенген аймағынан уақытша шығару немесе онымен жасалған келісімнің күшін тоқтату туралы ұсыныс айтты.