Еуропа мемлекеттері Ресей дипломаттарын елден шығармақ

6 Сәуір 2022, 08:50
2218
Бөлісу:
Еуропа мемлекеттері Ресей дипломаттарын елден шығармақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропаның бірнеше мемлекеті ресейлік дипломаттарды өз елдерінен шығарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Эстония жақын арада Нарва қаласында орналасқан Ресейдің бас консулдығын жаппақ. Литва да дәл осындай шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, Ресейдің Еуроодақтағы өкілдігінің бірқатар жоғары лауазымды қызметкері «нон грата тұлғалары» деп жарияланды. Өз кезегінде Италия да ондаған дипломатты елден шығаратынын жеткізді.

Бұған дейін Германия, Дания мен Франция үкіметтері де осындай шара қабылдайтынын хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы