Еуропа елдерінде карантиндік шаралар күшеюде

24 Қазан 2020, 22:31
1311
Бөлісу:
Еуропа елдерінде карантиндік шаралар күшеюде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа елдерінде коронавирусқа шалдыққандар саны көбеюіне байланысты карантиндік шаралар қатаңдатылуда.

Португалияда көшеде бетперде тағуды міндеттейтін заң қабылданды және үйлену тойлары, діни іс-шараларды және басқа да жаппай отбасылық іс-шараларға тыйым салды. Елде 2 қараша коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады.

Италияның Кампания аймағының губернаторы Хэллоуинге байланысты демалыс күндері коменданттық сағат енгізетінін жариялады. Алдағы екі аптада бұл оңтүстік аймақта, оның ішінде Неапольде мектептер жабылатыны хабарланды. 

Грецияда COVID-19 таралуы жоғары аймақтарда коменданттық сағат енгізіледі, бетперде тағу тек ғимараттар, барлар мен мейрамханаларда ғана емес, сонымен қатар ашық қоғамдық жерлерде де міндетті болып табылады.

Чехияда мектептер, мейрамханалар, спорт клубтары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін бірқатар кәсіпорындар жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді. Бетперде кию міндетті болып табылады.

Болгария билігі медициналық университеттердің студенттерін медициналық қызметкерлер жетіспейтін ауруханаларға көмектесуге шақырды. Ел Үкіметі төтенше эпидемиялық жағдай режимін қараша айының соңына дейін ұзартты. Елде қатаң бетперде тағу режимі енгізілді.

Словакия билігі азаматтардың көшеде жүруіне шектеу енгізуде: үйден тек орынды себептермен шығуға болады. Жоғары сынып оқушылары дүйсенбіден бастап қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.

Өзгелердің жаңалығы