Еуроодақта газ бағасы 10 есе қымбаттады

7 Ақпан 2022, 13:40
1200
Бөлісу:
Еуроодақта газ бағасы 10 есе қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақта газ бағасы бір жылда 10 есеге дейін артты, деп жазды Хабар24.

Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельдің айтуынша, бұған сұраныс пен ұсынысқа қатысты жаһандық қиындықтар себеп. 

Айта кетсек, Кәрі Құрлықта газ бағасы былтыр көктемнен бері шарықтап барады. Жазда мың текше метрінің құны 600 доллар шамасында болса, жыл соңында 2 мың доллардан асып кеткен. Бұл кейінгі 25 жылда бомаған көрсеткіш. 

Жозеп Боррель бағаның шарықтауына сондай-ақ одақ пен Мәскеу қарым-қатынасындағы дағдарыстың да  әсері барын айтады. Өйткені Еуроодақ толығмен көгілдір отын импортына тәуелді. Ал газдың  ірі тасмалдаушысының бірі Ресей саналады.  
 

Өзгелердің жаңалығы