Еуроодақта демографиялық дағдарыс өршіп барады

7 Сәуір 2023, 13:45
1142
Бөлісу:
Еуроодақта демографиялық дағдарыс өршіп барады
Фото: reuters

Ғасыр соңына таман тұрғындардың саны 6%-ке қысқарып, 420 млн-ға дейін кемиді деген болжам жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24-ке» сілтеме жасап. 

Оған сәйкес 2100 жылы Еуроодақта қарттар көбейеді. Демографиялық көрсеткіштердің нашарлауына бірнеше себеп бар, - дейді мамандар. 

Қаржылық қиындықтардан қорқатын жастар отбасын құрып, балалы болуға асықпайтын көрінеді. Соңғы өткізілген санаққа сәйкес қазір еуропада 451 млн адам өмір сүреді.

Өзгелердің жаңалығы